Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды
Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды

«Бұл министрліктің мақсаты - халықтың қартаюына байланысты пайда болатын әлеуметтік мәселелерді шешу. Бұған ең алдымен әйелдер мен жастар арасындағы суицид мәселесі де кіреді», - деп жазады басылым.Сарапшылардың пікірінше, эпидемия кезеңінде жұмыссыздық және балаларға, үйге күтім жасау жүктемесі стресс деңгейін жоғарылатады. Айта кетерлігі, Жапония билігі психикасы әлсіз адамдар күрт өзгеретін жұмыс режиміне төтеп бере алмайды деп алаңдаған. Алайда, сәуір айында елдегі суицид саны ересектер арасында 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді. Бұл – соңғы бес жылдағы ең маңызды көрсеткіш.