Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркегені рас па?
NewsRoom
Ad
Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркегені рас па?
Қазақстан коронавирусқа қарсы "Спутник V" ресейлік вакцинасын тіркеуді мақұлдады. Бұл туралы "Спутник V" вакцинасын әзірлеуші Twitter-де хабарлады.
Ақпаратта Қазақстан бұл вакцинаны тіркеген әлемдегі 27-ші мемлекет болғаны аталып өткен.
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі тіркеу рәсімі әлі аяқталмағанын хабарлады.
"Спутник V" – әлемдегі алғаш тіркелген вакцина. Ол – тиімділігі 90% -тен асатын әлемдегі үш вакцинаның бірі. Вакцинаның тиімділігі 91,6% көрсетті, бұл мәлімет 19 866 еріктіге сынақ жүргізілгеннен кейін алынды.