Қытай билігі BBC World News телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды
Қытай билігі BBC World News телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды

"Мемлекеттік радио және телевизия басқармасы BBC World News-ке Қытайда хабар таратуға рұқсат бермейді. Биыл хабар таратуға өтінімдер қабылданбайды", - делінген хабарламада.Өз кезегінде BBC World News корпорациясы бұл шешімнің дұрыс емес екенін айтты. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб телеарнаға тыйым салу туралы шешімді "сөз бостандығын шектеу" деп атады.
"Қытайда әлемдегі БАҚ пен интернет бостандығына қатаң шектеулер бар және бұл қадам Қытайдың бүкіл әлемдегі беделіне нұқсан келтіреді", - деп жазды Рааб Twitter-парақшасында.