"Өліп қалды деп ойлаған": Байзақова анасы бала туралы білгенде қандай сезімде болғанын айтты

26 Маусым, 2019 615 0

NewsROOM+. Байзақова анасы бала туралы білгенде қандай сезімде болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz Salem Beauty бағдарламасына сілтеме жасап.

Атышулы ару анасының шымкенттік екенін алға тартып, тіпті жігіт туралы сөйлесе алмайтынын айтты. Ал жүкті болған кезде ол туралы айтудың өзі қорқынышты болды дейді Айжан Байзақова. Қорыққаннан қатты жылағанын да жасырмады ол.

"Мен анаммен жігіт туралы сөйлесуге ұялатынмын. Тіпті барып, жүкті екенімді айта алмайтын едім. Жүкті болған кезде, мен анамның алдына отырдым да, қатты айқайлап жыладым. Ол шошып кетіпті. Біреу өліп қалды деп ойлаған екен. Мен айтамын деп шешкеннен кейін тек жылай бердім. Анам қатты таңқалды", - дейді Айжан Байзақова.

Анасын көз жасымен қорқытқан ол, жүкті екенін естігенде анасының қатты таңқалғанын жасырмады. Дегенмен, бала туралы білген анасының жүрегі елжіреп, сәбиді аман-есен дүниеге алып келуін тілеген көрінеді.

"Ол кісі "Айтпасаң жүрегім тоқтап қалады. Ауырып қалдың ба? Не болды?" деп шошып кетті. Мен екіқабат екенімді айттым. Екеуіміз бірге жыладық. Сосын стөлдің басына отырған кезде "Артық баламыз жоқ, туа бер" деді", - дейді блогер.


Тегтер: Байзақова, отбасы, күйеуі, жүктілік, ана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.