Түркіменстан президенті ұлын вице-премьер етіп тағайындады
Түркіменстан президенті ұлын вице-премьер етіп тағайындады

«Мен Сердар Бердімұхамедовті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түркіменстан жоғары бақылау палатасының төрағасы, мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшесі етіп тағайындаймын. Оны өнеркәсіп және құрылыс өндірісі министрі қызметінен босатамын», - деді түркімен басшысы отырыста.Сердар Бердімұхамедов, сондай-ақ Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болады. Ол бұған дейін 2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Түрікменстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған. Кіші Бердімұхамедовтың орнына осы департаменттің вице-министрі болған Баймырат Аннамаммедов тағайындалды.