Қазақстанның 2 облысы коронавирустың "қызыл" аймағында тұр
NewsRoom
Қазақстанның 2 облысы коронавирустың "қызыл" аймағында тұр
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның екі облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймағында тұрғанын хабарлады. Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола, Павлодар, облыстары "қызыл" аймақта.
Нұр-Сұлтан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.
Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан "қызыл" аймақтан шықты.