Көлгінов орынбасарына қатаң сөгіс жариялады
Көлгінов орынбасарына қатаң сөгіс жариялады

«Пандемия кезінде қысқа мерзімде жедел штаб құрылды. 43 мыңнан аса адам әлеуметтік көмек алды. Аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін бірқатар әлеуметтік орталық ашылды, онда олар «бір терезе» қағидаты бойынша көмек ала алады, сонымен қатар қосымша білім алып, кейіннен жұмысқа орналаса алады. Бұдан басқа, ПТР-зертханалардың саны 1-ден 23-ке дейін ұлғайтылды, ПТР-тестілерді өңдеу уақыты 4-5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жұмысты құру және еріктілерді қолдау және т. б. бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске қатыспауын ескере отырып, Бақтияр Мәкеннің отставкасы қабылданған жоқ. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды, – делінген хабарламада.