Білім министрі: Журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ

22 Маусым, 2018 1105 0

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистиканы оқыту жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Мен журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ дейтіндермен келісетін шығармын. Меніңше, ең бірінші кезекте өзің жазатын саланың маманы болуға тиіссің. Егер сен медицина туралы жазатын болсаң, онда дәрігер болғаның, экономиканы жазсаң экономист, банкир одан кейін журналист болғаның жақсы. Журналиске экономика туралы жазуды, ақпаратты қалай дұрыс беру керектігін үйрету экономиске қарағанда әлдеқайда қиын», – деді министр.

Министр осы мәселеге байланысты заң жобасы қаралып жатқанын атап өтті. Ол бойынша алдағы уақытта 4 жыл  оқу міндетті болмайды. Студент жинаған кредит балына қарай 2,5 не 8 жыл оқиды.

“Екіншіден, егер сен экономист болсаң екінші мамандығың журналистика болатын жүйе енгізіледі. Яғни, біз бәрін ескердік, ендігі іс жоғары оқу орындарына қалып отыр. Олар пәнаралық бағдарлама құруы тиіс. Міне сол кезде саланы түсінетін, сараптама жасай алатын, жалпы саланың маманы болатын журналистер пайда бола бастайды»,- деді Ерлан Сағадиев.


Тегтер: журналист, журналистика, ҰБТ, білім, тест, студент, ЖОО, министр

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.