Бородавкин қазақ жері туралы дума депутаттарының даулы сөздеріне қатысты ойын білдірді
Бородавкин қазақ жері туралы дума депутаттарының даулы сөздеріне қатысты ойын білдірді

"Тым жақын қабылдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ ол орынсыз сөздер Ресейдің ресми ұстанымына қарама-қайшы екенін ерекше атап өткім келеді. Екі елдің арасында шекара нақты келісімшартпен бекітілген және барлық ұзындығы бойынша делимитациядан өтті. Қазақстан мен Ресейдің күн тәртібінде аумақтық талап-тілектер мүлдем талқыланып жатқан жоқ. Әрине, Ресей Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және территориялық тұтастығына құрметпен қарайды", - дейді Бородавкин.Осы орайда дипломат екі елдің әскери ынтымақтастығы туралы келісімшартта көрсетілген бір норманы мысалға келтірді. Осы құжатта "көрші мемлекеттер бір-бірінің территориялық тұтастығын қорғайды" деген сөйлемдер де бар.
"Меніңше, Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара ол екі мемлекетті бөлетін емес, бізді біріктіретін шекара. Мен солай қараймын. Ал жер мәселесін қоздыратын адамдар Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіргісі келеді деп ойлаймын. Қазіргі шекарадағы Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын ғалымдар зерттеуі тис. Оны екі мемлекеттің сыртқы саяси теке-тіресін туғызу үшін қолдануға болмайды", - деп атап көрсетті Бородавкин.