Қытайдың Тяньвэнь-1 жерсерігі Марс орбитасына кірді
Қытайдың Тяньвэнь-1 жерсерігі Марс орбитасына кірді

Ван Чуан, Tianwen-1 жерсерігінің бас конструкторы Марс орбитасына ену ең күрделі операция. Себебі, ол кезде зондпен байланыс баяулап, аппарат өз бетімен жұмыс істейді. Орбитаға қалай кіру керектігі жерсерігінің алдын ала жазылып көрсетілген. Яғни зерттеу аппараты алдынан шығатын көптеген қиындықтарды жерден басқарусыз өзі шешеді. Айта кетейік, Қытай жерсерігі осы аптада Марс орбитасына сәтті кірген екінші елдің ғарыш аппараты. Өткен бейсенбі күні қызыл ғаламшар орбитасына Біріккен Араб Әмірліктерінің «әл-Амал», яғни «Үміт» деп аталатын зерттеу аппараты сәтті кірді. Ал ақпанның 18-і күні бұл планетаға АҚШ-тың «Персеверанс» зонды жетуі тиіс.