Шымкентте қашықтықтан оқып жүрген оқушы жүкті боп қалған
Шымкентте қашықтықтан оқып жүрген оқушы жүкті боп қалған

Жанат ТӘЖИЕВА, Шымкент қ. Білімі басқармасының басшысы Анықталғаннан кейін білім ұйымы арнайы ата-анасын хабарлап, ата-анасымен бірге дәрігерге апарып, бұл жағдайды анықтап отыр. Расталып тұр ғой?-анықталған деп отыр. Бүгінгі күні бұл дәрігерлердің қадағалауында. Сонымен қатар бұл оқиғаның қалай орын алғаны құзырлы органдардың тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде. 16 жастағы оқушының кімнен және қашан аяғы ауыр болып қалғанын тиісті орындар анықтайтын болады.Жанат Арысбекқызы қазір бұл іспен полиция айналып жатқанын жеткізді. Қазір аяғы ауыр оқушыға психологиялық көмектер көрсетіліп жатыр деді. Сондай-ақ жағдайды ескере келе сабағын үйде оқыту құжаттары рәсімделген.