Жаңалықтар

Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылы 5 ақпанда "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі жоғары оқу орнының басқарма төрағасы - ректоры лауазымына үміткерлердің кандидатураларын қарап, 6 ақпанда Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды.