Таразда жол жиегіндегі 70 жастағы ананы базар қоршауы басып қалды

25 Маусым, 2019 369 0

NewsROOM+. Көне «Шахристан» базарының қоршау қабырғасы зейнеткердің үстіне құлады. Қирандының астында қалған 70 жастағы кейуана сол жерде тілге келместен көз жұмды, деп жазды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиға сауда орнындағы қоқысты тазалау кезінде болған. Ауыр техниканың тиегіші абайсызда бетон қабырғаны жапырып өткен. Уатылған дуал тротуармен кетіп бара жатқан зейнеткерді басып қалады. Үйіндіге көмілген 70 жастағы жалғыз басты кейуана сол жерде жан тапсырған.

Қазір жауапты компанияның қаншалықты қауіпсіздік ережеленін сақтағаны тексеріліп жатыр. Сондай-ақ бұл дерекке қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Ал марқұмды жерлеу рәсімі мердігердің мойнына жүктелді. Әлеуметтік желіде осы оқыс жағдайдан бірнеше адам ажал құшты деген қауесет тараған. Бірақ шенеуніктер мұны растамады. Ал құрылыс алаңының аумағы кісі өлімінен кейін дереу қоршалыпты.

Тегтер: Тараз, базар, зейнеткер, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.