Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу заңдастырылады
Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу заңдастырылады

Бүгінгі күні жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіруге мәжбүр болған тәжірибеміз еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсетті, - деді ол.Осыған байланысты заң жобасы қашықтықтан жұмыспен байланысты еңбек қатынастарын реттеуді қарастырады.
Бұл арада уақытша және аралас сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу, жұмыс кестесін, жұмыс мерзімін, қызметкердің, сонымен қатар жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу ұсынылады. Жалпы, заң жобасының қабылдануы оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық сипатқа ие болады деп күтіледі, - деп түсіндірді Нұрманбетова.Депутат Мәжілістің бейіндік комитеті заң жобасын 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін қолданысқа енгізіп, қорытынды жасауға дайын екенін айтты.