Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды

22 Маусым, 2018 918 0

Көлік бар жылдамдықпен келіп шекарашыны қағып кете жаздады

Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде тарап кеткен видеода автокөлік шекарадағы өткізу бекетінің қақпасына бар жылдамдықпен соғылған.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қордай ауылы маңында болғаны айтылыпты.
Кадрларға қарағанда, шекарашы қара көлікті тексеріп жатады, сол кезде қатты жылдамдықпен келген ақ кроссовер қақпаға соғылған. Соққы салдарынан қара көлік алға сәл жылжып кетті. Абырой болғанда, шекарашы да шетке ығысып үлгеріпті.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша оқиға Қырғызстан территориясында болмаған. Дегенмен анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Бастапқы деректер бойынша, бұл жайт Қазақстан аумағында болыпты. Sputnik Қазақстан еліміздің Шекара қызметінен әлі жауап ала алған жоқ. Бейнематериал төмендегі сілтемеде.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/incidents/20180622/6132309.html


Тегтер: шекара, Қордай, Қырғызстан, қазақ, әскер, солдат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.