Жаңалықтар

“Жалақы 25 пайызға артты”. Аймағамбетов Тоқаевқа есеп берді

 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады.

Аймағамбетов Президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатқаны, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндады. Биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, балаларға қолайлы орта қалыптастыру және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берді. Кездесуде балалардың құқықтарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қамтамасыз ету және оқу орындарын одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды. Кездесу соңында президент білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.