Қос азаматтығы бар деген шенеунікке Қазақстан азаматтығы қайтарылады
Қос азаматтығы бар деген шенеунікке Қазақстан азаматтығы қайтарылады

Олег ПОЧИВАЛОВ, Шымкент қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының Басшысы Ақпарат құралдары мен ғаламторда тараған деректің бәрі жалған. Бұл бізге қарсы топтың, яғни қаланың игілігі мен азаматтарымыздың, спорттың дамуы үшін жұмыс істегісі келмейтіндердің әрекеті. Мен Қазақстан азаматы болғанмын және бола да беремін. Түсіндіңіздер ме?Олег Почивалов полицейлердің үстінен прокуратураға шағымданған. Шенеуніктің адвокаты Ресей тарапы ұсынды делінген құжаттың бұрмаланғанына сенімді. Жазбаша мәліметте оның көрші елдің азаматтығын алғаны туралы айтылған деп көрсетілгенімен, құжаттарда сәйкестік жоқ деді заңды өкілі.