Алматы-Өскемен тасжолы жабылды
Алматы-Өскемен тасжолы жабылды

«9 ақпан сағат 13.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жол көрінісінің нашарлығы) «Алматы-Өскемен» автожолының 480-615 км, Көлбай ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы бөлігінде («CITIC Construction Co.. Ltd» ЖШС қайта құруға арналған бөлігінде) барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді», - делінген хабарламада.Сондай-ақ 9 ақпан сағат 13.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілген. Атап айтқанда, «Алматы-Өскемен» тасжолы, Алматы облысының шекарасы мен Таскескен ауылы бөлігінде жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін және «Алматы-Өскемен» тасжолы, Таскескен ауылы мен Аягөз қаласы аралығында жолдар жабылды.