Иран қазақтары жайлы фильм түсіріп жатқан Қанат Бейсекеев ұсталды

22 Маусым, 2018 1927 0

Иранда деректі фильм түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз. Көп болды сол жақта жүргеніне. Енді ғана біліп отырмын. Ешқандай да мән-жайын білмеймін. Оны ұстап, барлық құрал-жабдығын тәркілепті. Бұған дейін ол Моңғолиядағы қазақтар туралы фильм түсірген, кейін Өзбекстанға барып, сондағы қазақтар жайлы фильм түсірген, енді Иранға барған", - деді Әлішер Елікбаев. Оның айтуынша, Бейсекеевтен бірнеше мың доллар тұратын құрал-жабдығы тәркіленген.

Тегтер: қанат, бейсекеев, иран, тегеран

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.