10 ақпан күні Елорда әкімінің халықпен кездесуі өтеді
NewsRoom
10 ақпан күні Елорда әкімінің халықпен кездесуі өтеді
10 ақпанда 10.00 сағатта Нұр-Сұлтан қ. әкімі Алтай Көлгіновтың халықпен есепті кездеуі өтеді.
Коронавирус пандемиясымен байланысты кездесу онлайн-форматта өтеді және бас қала әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ, Астана телеарнасының және Tengrinews порталында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Қатысуға тілек білдіргендер және әкімге сұрақ қойғысы келетіндер https://nur-sultan-online.kz сайтындағы тіркеу сілтемесі бойынша өте алады және одан кейінгі нұсқаулықтарды басшылыққа алу қажет.