Сингапурда медицина қызметкерінің біріне вакцинаның бес еселенген мөлшері салынған
Сингапурда медицина қызметкерінің біріне вакцинаның бес еселенген мөлшері салынған

"Қателік кеткені вакцина салынғаннан кейін бірден анықталды, содан кейін орталық қызметкері дереу ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада. "Кері әсерлер анықталған жоқ. Қызметтік тергеу көрсеткендей, бұл оқиға вакцинацияға қатысқан персоналдың келісілмеген әрекеттерінің салдарынан пайда болған адами қателіктерден болған", - деп қосты медициналық мекеме.Коронавирусқа қарсы вакцинация Сингапурда өткен жылдың соңында басталды. Алғаш болып Pfizer - BioNTech вакцинасын медициналық қызметкерлер қабылдады, содан кейін премьер-министр Ли Сянь Лун бастаған үкімет мүшелері, сондай-ақ тәуекел тобындағы азаматтар да вакцина салдыруда.