Қазақстанда әскери дрондар шығарыла бастады
Қазақстанда әскери дрондар шығарыла бастады

– Ұшқышсыз ұшу аппараты ауқымында әскерлерді отандық әзірлемелермен қамтамасыз етуге деген ұмтылыс қуантады. Дегенмен, бұл осындай шетелдік құрылғылармен бірдей болмауы керек. Отандық аппараттардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын әзірлеу кезінде қазақстандық армияның барлық қажеттіліктерін, біздің қорғаныс мақсатындағы географиялық ерекшеліктерді ескеру қажет, - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.

- Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейінгі аралықты құрайды. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болады, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін күшейген кезде, ауада өзін тұрақты ұстайды. Болашақта біз оны взводтан батальонға дейінгі буындағы әскерлердің қару-жарақ қатарына қосуды жоспарлап отырмыз, - деді полковник.Алдағы уақытта тәжірибе аяқталғаннан кейін барлық атқарылған жұмыстар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне берілетін болады.