Коронавирус жұқтырған ақ халатты абзал жан өзіне қол жұмсаған
Коронавирус жұқтырған ақ халатты абзал жан өзіне қол жұмсаған
Нью-Йоркте Манхэттеннің солтүстігіндегі аурухананың бас дәрігері Лорна Брин өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды NewsRom+ақпарат агенттігінің тілшісң Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, 49 жастағы дәрігер коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген.
Жақында бас дәрігерден коронавирус анықталып, оны жұмыстан босатқан.
Брин соңына дейін науқастармен жұмысты жалғастыру керегін айтқан. Әріптестерінің айтуынша, Брин ауруханадан тыс жерде де жансақтау бөлімінде көз алдында болған қиын сәттерді жиі еске алып отыратын. Оның көз алдында вирус жұқтырған бірнеше науқас қайтыс болған екен. Соның салдарынан, Брин науқастармен жұмыс кезіндегі эмоциялық күйді жеңе алмаған.
"Ол өзінің жұмысын істеуге тырысты және ол оның өліміне себеп болды. Бринді батыр ретінде еске алайық. Оның өлімі - науқастардың өлімімен тең пандемияның салдары", - дейді дәрігердің жақындары.
Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты. Оның ішінде Нью-Йоркте 301 450 науқас анықталған.