Қазақстанда екі жыл заңсыз жүрген Иордания азаматы анықталды
Қазақстанда екі жыл заңсыз жүрген Иордания азаматы анықталды

"Іс-шара барысында 344 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды, 67 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. 165 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 164 отандасымыз жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 15 жұмысберуші жауапқа тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 70 шетелдік ПД қабылдау-тарату орнына орналастырылды", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.