"Жұлдыз ауруынан абайлаңдар": Алтынбек Қоразбаев істі болған әншінің әрекетін қолдамайды

21 Маусым, 2019 892 0

NewsROOM+. Істі болған әртіс Мұрат Құсайыновты 50 жылдан бері танимын деген Алтынбек Қоразбаев әріптесінің әрекетін қолдамайды.

Халық алақанында ұстап, аялатын бұрынғы заман емес деген композитор заңға бағыну керек деген пікірде. Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алтынбек Қоразбаевтың айтуынша, елге еңбегі сіңген өзі қатарлас әріптестерін қызметкерлердің танымай қалуы жиі кездеседі. 

"Мен шәкірттеріме, әріптестері үнемі айтып отырамын. Жұлдыз ауруынан абайлаңдар деп отырамын. Мұраттың жұлдыз екені өтірік емес. Ол аңызға айналған адам. Мұрат қана емес, "Дос-Мұқасан" тобы жұлдызға айналған", - дейді Алтынбек Қоразбаев. 


Тегтер: МұратҚұсайынов, сот, үкім, АлтынбекҚоразбаев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.