Мемлекет басшысы қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

«Қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам. Сондықтан, тіл үйренуге талпынған азаматтарымызды бәріміз қолдайық. Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз», - деді Мемлекет басшысы.Президент, сонымен қатар ана тілімізді дамыту жайындағы ойын латын графикасындағы қазақ әліпбиімен түйіндеп, латын қарпіне көшіп жатқанымыз Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалады.