Миялыда да 60 пәтерлік үй салынады
Миялыда да 60 пәтерлік үй салынады

Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің мәлімдеуінше, Миялада тұңғыш рет көппәтерлі үй салынбақ. 60 пәтерлік баспананың жобасы жасақталды. Екінші үйдің де жобасы жасақталу үстінде, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ATPress kz-ке сілтеме жасап.
Жалпы, аудан бойынша тұрғын үй кезегіндегі 6 санаттың 5-і бойынша 302 азамат тіркелген (халықтың әлеуметтік әлсіз топтар санаты бойынша – 125, бюджеттік мекеме қызметкерлері санатымен-59, жетім балалар санатымен-29, тұрғын үйі апатты жағдайда тіркелгендер азаматтар-22, көп балалы отбасы-67).
- Есепті жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында аз қамтылған көп балалы 34 отбасы жалдамалы тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 7 отбасы баспаналы болып, 4 отбасына тұрғын үй сертификаты табысталды, - дейді Нұрсұлтан Бисембиев.