Қызылқоғалықтар өңдеу саласын қолға алмақ

Қызылқоғалықтар өңдеу саласын қолға алмақ

Негізі аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің айтуынша, ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары өнім өндіру жобаларына қызығушылық танытпай, шикізат ретінде өткізуді тиімді санап отыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ATPress kz-ке сілтеме жасап. Биыл фермерлік шаруашылық жүргізуге конкурстық негізде берілген 73 жер учаскесі иелеріне қойылған негізгі талаптардың бірі – бизнес жоспарларында өңдеу саласына басымдық берулері болып табылады.
-Оның орындалуы қатаң бақылауда болады. Қазіргі таңда бұл салада бір жоба жүзеге асырылуда. Ол «Құрман» шаруа қожалығының тәулігіне 2 тн сүт өнімдерін шығару цехы және мал сою пункті бар 100 басқа арналған бордақы алаңы. Жоба құны 265,0 млн теңге, 15 адам жұмыспен қамтылатын болады, - дейді аудан әкімі.