Оқиға орнында көз жұмды - Алматыда 3 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға орнында көз жұмды - Алматыда 3 жасар баланы көлік қағып кетті
Алматыда аулалардың бірінде кішкентай баланы көлік қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады құқық қорғау органдары деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Бостандық ауданында Орбита-3 ықшам ауданында болды.
Subaru автокөлігі аула ішінде жүріп бара жатқан, жүргізуші солға бұрылмақ болған. Сол сәтте көліктің алдынан самокат тепкен бала шығып қалған. Көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, баланы қағып кетті.
2017 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.
Полиция оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.