Дәрігерлер екпе екпей далада тас төсеп, батпақ тазалап жүр (видео)
Дәрігерлер екпе екпей далада тас төсеп, батпақ тазалап жүр (видео)

"Ана кірген кәрі кісілер де сөйлеп жатыр. "Не деген батпақ?" деп. Бізге жөндемейсіңдер ме дейді. Санитаркалар тас тасып жүр", - дейді емхана қызметкері.Бұл жердің шынымен батпаққа әбден батқанын қала тұрғындары да айтады.
"Өздері кіріп-шыға алмай жатыр ғой. Көріп жатырмыз ғой оның бәрін", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Сәрсен Мейірбеков.Маңайдағы тұрғындар су құбырын тартпақ болған компания жерді қазғанын айтады. Кейін дұрыс көмбеген. Ал емхана қызметкерлеріне мұндай бұйрықты кім бергені белгісіз. Кейіннен әкімдік арнаның түсірілім тобы келді дегенді естіп, емхана алдын ретке келтірдік деп хабарлапты. https://youtu.be/H17e47mXXX4