«Миллионмен декретке»: БЖТ төлеп, қомақты ақша алу мүмкін бе?
«Миллионмен декретке»: БЖТ төлеп, қомақты ақша алу мүмкін бе?

Гүлнұр НҰРЛАНҚЫЗЫ, бухгалтер: «БЖТ төлеп, тек декрет үшін істеу ол дұрыс емес. Ол заңсыз болады. Бірақ бізді қол құсырып, үйде бос отырған әйелдер өте кем. Міндетті түрде бірдеме істеп жатады».Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да ЕСП-ны тек бейресми табыс тауып жүрген қыз-келіншектер үшін тиімді дейді. Ал үйде бос отырып, ешқандай іспен айналыспаған жандар үшін бірыңғай жиынтықты төлеудің мүлдем қажеті жоқ екен.
Гүлбағила БОЛАТБЕКОВА, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" әлеуметпен байланыс департаментінің директоры «Төлемге тағайындау кезінде біз міндетті түрде әрбір азаматтың байланысты, 19 тармағында жазылғандай бәрін тексереміз! Қай жерден қандай табыс тапты. Кейде дұрыс төлемейді. Қайта қайтарып, тағайындаймыз!».Қықасы, жалған ақпарат бергендар жауапқа тартылуы ықтимал екен.
Гүлбағила Болатбекова, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" әлеуметпен Байланыс Департаментінің Директоры: «Заң жүзінде басқа заңдармен қарастылыған. Жалған ақпарат берген болса, әкімішлік кодекс бар. Жалған ақпарат бойынша қарастырылады».Сондықтан үйде отырып ешқандай іспен айналыспаған қыз-келіншектер ЕСП төлеп, әлек болмаса болады. Одан қалды «декретте миллион теңгемен шығарамын» деп уәдені үйіп-төккен алаяқтардан сақ болғаны жөн, дейді сарапшылар.