Индер ауданында жеті ауылда авто жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр
Индер ауданында жеті ауылда авто жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр
«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Көктоғай, Елтай, Есбол, Ақтан және Қызылжар, Индербор кенті бойынша 70,4 шақырым автокөлік жолдары, 51,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1486 адам, оның ішінде жұмыссыздық есебінде тіркелгендерден 742 адам тартылды» деп атап өтті спикер Мейірім Қалауи. 