Цой жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты
Цой жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігері мен фельдшерінің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл трагедия дәрігер болудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. көріп отырмыз. Ауа райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады. Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельшері – Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды», - деді Алексей Цой Инстаграмдағы жазбасында.Сондай-ақ министр орын алған қайғылы оқиғаның медицина қызметкерлері қауіпсіздігі туралы ойлантқанын айта келіп:
«Қазір Семей қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деп сөзін қорытындылады.