"Талып қалғаным жоқ". Екпеден кейін құлап қалған мейірбике бейнеүндеу жасады
NewsRoom
"Талып қалғаным жоқ". Екпеден кейін құлап қалған мейірбике бейнеүндеу жасады
Талдықорғанда вакцина салдырғаннан кейін құлап қалған мейірбике видеоүндеу жолдады.
"Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінің медбикесімін. Кеше №2 емханаға COVID -19-ға қарсы вакцина алуға бардық. Вакцина алар алдында уайымдағаннан кейін жүрегімнің соғысы қатты болып, сол жерде маған алғашқы көмек көрсетілді. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жағдайым жақсарып үйге қайттым. Ал Instagram-желісінде мені "сол жерде талып қалыпты", мені "жансақтау бөліміне алып кетіпті" деген ақпараттың бәрі жалған екендігін айтқым келеді", - деді мейірбике.
Бейнеүндеуде мейірбике қазіргі уақытта өзінің жұмыста отырғанын және өзін жақсы сезініп отырғанын айтты.
Еске сала кетейік, кеше 3 ақпан күні Талдықорғанда мейірбике ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін есінен танып қалған болатын.
Кейіннен Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният талдықорғандық мейірбикенің вакцина салдырғаннан кейін құлап қалуы "вакцинаның әсерінен емес" деп мәлімдеме жасады.