COVID-19 қайдан тарады – ДДСҰ сарапшылары Ухань зертханасына кірді
COVID-19 қайдан тарады – ДДСҰ сарапшылары Ухань зертханасына кірді

"Ол жерден бір нәрсенің шығып кететінін елестету қиын. Әрине, неше түрлі жағдайлар болады. Алайда дәл сол жерден індеттің тарала бастағанына дәлел болатын фактілер де, алғышарттар да жоқ", - дейді Дедков.Айта кетейік, 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирус өршіп кеткеннен кейін вирус сол жердегі вирусология институтынан тарап кетуі мүмкін деген болжамдар айтылды. Институттың өзі өткен жылы қаңтар айында алыпқашпа әңгімені жоққа шығарып, қызметкерлердің ары таза екенін мәлімдеген болатын. 20 мың жазба жойылған Бұған дейін NBC News арнасында шыққан сюжетте өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағаны туралы айтылды. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс. Дегенмен танымал қытайлық вирусологтар инфекцияның өз жерінде шыққанымен келіспейді. Олардың ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшылары ондай қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтып отыр. Себебі зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ. Алайда кейбір ғалымдар жаңа вирустың Қытайдан шыққанына сенімді. Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске салды. Соған қарамастан, ДДСҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шыққан жерін әлі де зерттеу керек дейді.