Ермек Тұрсынов: Сатаев режиссер емес. Ол — саудагер
Ермек Тұрсынов: Сатаев режиссер емес. Ол — саудагер


Ол көбіне кино саласында жүрген коммерсант. Олар —бизнесмендер. Түсінесіз бе? Олар суреткерлер емес. Суреткер дегеніміз — қиналып, ізденіп жүрген, өзінің тақырыбын әбден бейімдеп алған, бір жаңалық ашқан, көрерменіне серіктес, мұңдас ретінде қарайтын адам. Сол ғана суреткер. Ал бұлар тек қалта ретінде қарайды», — Ермек Тұрсынов.Әрі қарай жазушы отандық режиссер Ақан Сатаевтың туындыларын сынға алды.
«Сондықтан олар кез келген тақырыпқа жүгіне береді. «Рэкетир» болсын, «Финансист» болсын, «Еркек» болсын», Елбасы туралы кино болсын, «Томирис» болсын, тарихи кино болсын. Кез келген тақырыпқа түсіре береді ғой. Сен шебер болсаң, кез келген нәрсеге шебер бола бермейсің ғой. Бір тақырыпты сен басынан аяғына дейін меңгеріп алшы. Содан кейін көре жатармыз», — деп қорытты сөзін.