Вакцина алғаннан кейін маска тақпауға бола ма?
Вакцина алғаннан кейін маска тақпауға бола ма?

"Вакцинадан кейін антидене екі аптадан соң және 56 күнге дейін түзіледі. 56 күннен кейін берік иммунитет пайда болады. Сол себепті біз вакцинаның екінші дозасын алғанға дейін басқа инфекция жұқтырмау үшін бетперде тағуға кеңес береміз", - деді Ғиният онлайн брифингте.Ал денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың айтуынша, карантинді жеңілдету және шектеулерді алып тастау үшін халықтың кем дегенде 50 пайызы вакцина салдыруы тиіс. "Сол кезде ғана ұжымдық иммунитет пайда болады. Сол себепті шектеу шараларын әлсірету мәселесін вакциналау науқаны аяқталған соң қарастырамыз", - деді ол.