Көшпенділер феномені

17 Маусым, 2019 331 0

NewsROOM+. Ұзыннан ұзақ ұзарған көшелер. Зәу көкті төбесі тіреген зәулім қабатты үйлер. Топырағы тасқа айналған тратуар. Қаймана жұрт, қазақта қаймана. Автобустар. Қаланың күн көрісі.

Жексенбіде жай тауып, жалғыздықта сырласқанда болсын, үйге қайтып бара жатқанда автобус терезесіне үңілгенде болсын, біздерді бір сағыныш кернейтіні рас. Әлде бір толғаныс, әлде бір жаққа шақыратындай. Бой үйренген бұл тірлікке, жүрек көнікпегендей. Түсіну қиын. Ұғынуға өре жетпейді. Бұл не сезім дейсіз ғой? Жауап… Ол — ГЕН. Біздің қанымыз. Түбі бір түркі жұрты түгел көшпенді болған. Отырықшылыққа бой үйреткелі қаншама ғасырлар өткенімен, біздің қанымыздағы микро элементтер сол даланы аңсайды. Кеуде тұсымызды кейде шымшитын, көркем толғанысқа бөлейтін ғажап сезімнің дерегі осында жатыр.

Орыс патшалығының отарлауы барысында көшпелі қазақ отырықшыға айналды. Біз оқыған тарих солай деп көрсетеді. Табиғи болмысымызды өзгерту миллиондаған халықтың қырылуына әкеліп соқты. Мойынына құрық түспеген құлынды арбаға жеккендей жауыздық. Есесіне білім келді, инновация келді. Халықтың көзі ашылды. Біз оқыған тарих солай дейді.

Жақында Мұхтар Әуезовтің шығармашылығынан үйге тапсырма алған болу керек үйдегі кенже ағалап келді жаныма. Бізге «Көксерек» деген әңгімені оқуға берді… Ол не туралы… Қысқаша айтып беріңізші…

Не туралы? "Қасқырды қанша асырасаңда орманға қарап ұлиды" халық даналығы. Мектеп қабырғасында ұстаздарымыз осылай деп түсіндіретін. Солай деп қайырдым. Қайырдымда қайран қалдым. «Абай жолын» жазған ұлы жазушы халық бір-ақ ауыз сөзбен қайыратын дүниені жазып, алтын уақытын құртқаныма. Мейлі әңгіме болсын. Қызық екен. Бұл логикаға сыйымсыз.

Көксерек — қасқырдың күшігі. Көзін ашпай тұрып ауылға алып келген-ді. Адамдармен ит құсап, тел өсті. Жыртқыш айуан момын қозының астауынан су ішті. Адам қолымен ұсынған тамақты жеді. Бірақ әлгі кернеу. Кеуде тұстағы белгісіз сағыныш. Ген… Көксерек түбі болмысы жеңіп, жыртқышқа айналып, қатарына қосылды.

Е, солай… Бұл «Көксерек» қасқыр емес. Бұл көшпенділердің тағдыры. Ашық жазуға кім рұқсат береді дейсіз ол кезде. Және ол ақымақтық та болар еді. Әйтпесе қабырға сүйретке қарап бұндай толғаныс туар ма? Ұлы ғой…

Кенже кідірші… Ұстазыңа мынаны да жеткізе бар… Не дейді екен…

Аян Азаматұлы

Тегтер: Көшпенділер, мақала, ген, көксерек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.