Жоғары вольтты сымдар кінәлі: көшедегілердің бәрі онкологиядан қайтыс болды
Жоғары вольтты сымдар кінәлі: көшедегілердің бәрі онкологиядан қайтыс болды

Райхан ИБРАЕВА, қала тұрғыны "Мына высоковольтканың есебінен біз қаншама зардап шегіп жатырмыз. Үкіметтен ешкім артық нәрсе сұрамайды. Біз неше жылдан бері тұрғалы налогын да төлеп, барлығын да төлеп. Біз енді имеем право өзімізге керек нәрсені сұрауға. Екі балам бірдей аллергия, кішкентай немерем сахарный диабет. Өзім инвалид күйеуім екеуміз пожалуйста".Әлеуметтің сөзінше, дәл жеке сектор аумағында тұрған электр сымдарынан тарайтын магнитті сәулелер қалыпты нормадан бірнеше есе артық екен. Ұзақ жылдан бері басымыз ауырады, дейді.
Бану Саудуова, қала тұрғыны "Мына жерде 4 көршім қайтты. Жылы да болған жоқ. Онкологиядан бәрі. Ана жерде Мұхтар, тетя Роза, мына жерде Сергей, мына жерде Орынбек қайтты. Онкология, бәрі онкология. Бізге жол керегі жоқ, свет керегі жоқ. Өлейін деп жатқанда свет жағамыз ба? Бір аяғымыз төрде, бір аяғымыз көрде. Сіздерден өтініші снос керек снос".Тұрғындар ұлардай шулаған соң, электр бағаналарына жауапты мекеме өкілдері де төбе көрсетті. Олардың сөзінше, жоғары кернеулі сымдар заң шеңберінде тартылған, тиісті құжаттары да бар. Магнитті сәулелер қалыпты деңгейден жоғары деген сөзге келіспейді. Қайта сынама жүргізуге әзір екендерін жеткізді.
Александр СЫРВАЧЕВ, "Ақмола электржелілік үлестіру Компаниясы" АҚ Басшысының орынбасары: "Сол уақытта бұл электр бағаналарының тұрғызылуы үшін барлық тиісті құжаттары берілген. Мемлекеттік мекемелермен де келісім жасалған. 1999 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Біздің компанияға бұған дейін де электр бағаналарының магниттік сәулесі жоғары деген хаттамалар келген. Бірақ, біз онымен келсіпейміз. Тұрғындармен бірге қайтадан тексеру жүргізуге дайынбыз".Байқоңыр ауданына қарасты бұл көшеде 1 мыңға жуық адам тұрады. Басым көпшілігі 90 жылдарда жер алып, баспана салып алған. Ал, енді жылжымайтын мүлікті сатайын десе, өтпейді. Сондықтан, магниттік сәуледен зардап шеккендер ескі үйлерінің сүріліп, орнына жаңасы берілгенін талап етеді.