Бокс кешінде жекпе-жектердің бірі трагедиямен аяқталды
NewsRoom
Бокс кешінде жекпе-жектердің бірі трагедиямен аяқталды
Пәкістанның Карачи қаласындағы бокс кешінде жекпе-жектердің бірі трагедиямен аяқталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Sports.kz.-ке сілтеме жасап.
Рингте жергілікті боксшылар – Мұхаммед Аслам Хан мен Вали Хан Тарин кездесті. Жойқын соққыны өткізіп алған Аслам Хан ауыр нокаутқа түсті, алайда ол жерде жылдам әрі білікті көмек көрсететін медициналық персонал болмаған.
Аслам Хан дереу жергілікті жеке клиникалардың біріне жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады – ол ішкі жарақаттан ауруханада қайтыс болды.