"Енді жаман әрекет жасамаймын": Байзақова жұртқа уәде берді

19 Маусым, 2019 622 0

NewsROOM+. Байзақова жаман әрекет жасамаймын деп жұртқа уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «New old qazaqtar» бағдарламасына сілтеме жасап.

Атышулы ару анасының алдында қатты ұялатынын мойындады. Өмірін едәуір өзгерткен ол бұрынғыдай суреттер жүктемейтінін, өзін басқа бағытқа арнайтынын айтты.

"Анамның алдында қатты ұяламын. Қазір біртіндеп өзгере бастадым. Ашық-шашық суреттерімді салмайтын болдым. Музыкаға кетуге талпынып жүрмін", - дейді Айжан Байзақова.

Әр жасаған істің қайыры бар деп қабылдайтын Байзақова өкінбейтінін айтты. Бірақ, бұл істі жасаудың енді маңызы жоқ екенін, алдағы уақытта олай істемейтінін айтып уәде берген. Сонымен қатар, ұлы 18 жасқа келгенде ұялатынын жасырмады.

"Жасағандарыма өкінбеймін. Бірақ, бұлай жалғастырамын деген сөз емес. Енді оны ары қарай жалғастырудың аса маңызы жоқ. Жаман әрекет жасамаймын. Мен бір күні өкінетінімді білемін. Мүмкін ұлым 18 жасқа келгенде қылығым үшін намыстанатын шығармын", - дейді Айжан Байзақова.


Тегтер: Байзақова, отбасы, бала, күйеуі, уәде, музыка

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.