Жаңалықтар

Ломбардтардың 50-60% нарықтан кетуі мүмкін

Ломбардтардың 50-60% нарықтан кетуі мүмкін

Бүгін Қазақстан ломбард қауымдастықтары онлайн брифинг өткізіп, осы салаға жасалып жатқан қысымдар мен кедергілер жайында баяндады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі BAQ.KZ сілтеме жасап.
Автокөлік кепіліне несие беру компаниялары қауымдастығының президенті Дулат Тастекеев бұрын ломбард саласы нарық заңдарына сәйкес дамып келгенін айтты. Алайда, жақында үкімет тарапынан қойылған жаңа талаптар ломбардтарды екінші дәрежелі банкетермен теңеп тастаған.Қазір екінші дәрежелі банктерге қойылатын талаптар мен бізге қойлатын талаптар бірдей. Егер адамның несие баянында негативті мәліметі бар болса, біз ол адамға ешқандай несие бере алмаймыз. Яғни, қарапайым халықтың жалақы алғанға дейінгі несиелік ұйымдардан алатын қаражаты шорт кесіліп отыр, - дейді ол. Сонымен қатар, ол Ұлттық Банк Қазақстандағы барлық компанияға банктегі есеп шотынан ақша шешкен кезде шектеу қойғанымен келіспейтінін мәлімдеді. Бұл лимиттер осы жылдың 1 мауысымынан бастап күшіне енбек екен. Осы шектеулерге байланысты шағын мекемелер айына 20 млн-нан артық соманы шеше алмайды. Ал орта мекемелер 120 млн-нан артық соманы, ірі мекемелер 150 млн-нан артық соманы шеше алмайды. Бұл елдің әр түкпірінде өз бөлімшелері бар мекемелерге тиімсіз, мысалы 120 млн теңгені 30 бөлімге бөлсек, бұл бір күнде 4 млн теңге болып шығады. Бұл біздің бизнестің қолма-қол ақшаға тапшылық туғызатынын көрсетіп отыр. Қазіргі жасалып жатқан реттеу, қадағалау процестерінен осы саладағы кәсіптің 50-60%-ы нарықтан кетіп қалуы мүмкін, - дейді Дулат Тастекеев. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап ломбард саласына лицензия алу қайта енгізілмек екен. Реттеудің бірінші қадамы арнайы тіркеуден өту болған, алайда тіркеуден өткен компаниялардың қалай жұмыс істейтіні туралы толық мәлімет берілмеген. Дегенмен, соған қарамастан лицензия алу жөнінде келесі қадам жасалып жатқанына қауымдастықтар наразы. Бұл шаралардың бәрі неліктен жасалып жатыр дегенге келсек, нарықта біздің атымызды жамылып көптеген алаяқ халықтың қаражатын жымқырып кеткен. Олардың атауларында ломбард немесе шағын қаржы ұйымдары деген белгілер болған. Соған байланысты Мәжіліс депутаттары біз сияқты мекемелердің бәрін алаяқ деп ойлаған сияқты. Солардың кесірінен қазір біздің ұйымдар қысым көріп отыр, - дейді ол. Сондай-ақ, ол бұл мәселенің барлығы 1 мауысымнан бастап халықтың қаржы алу мүмкіндігі шектелетінін және нарықтағы бәсекелестіктің азаюы мүмкін екенін айтты. Осылай кете берсе, нарықта тек ірі компаниялар қалып, шағын мекемелер азаяды. Оның барлығы сайып келгенде клиенттерге, яғни қарапайым қалық тұтынатын қызметтердің қымбаттауына әкеледі, - дейді ол.