Қайрат Нұртас Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атанды

18 Маусым, 2019 650 0

NewsROOM+. Шымкент қаласының «Құрметті азаматтарының» қатары тағы 10 адамға көбейді. Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 50 сессиясында қаланың бірнеше тұрғынына мәртебелі атақ беру туралы шешімді депутатар бірауыздан қабылдады. Бұл туралы otyrar.kz сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Айта кетейік, «Құрметті азамат» атағы жылына бір рет салтанатты түрде 10 адамға беріледі. Бұл атаққа қаламызға айырықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен білімді дамытуға үлес қосқан, Мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларда белсенділік танытып жүрген азаматтарға беріледі.

Оның ішінде Рәшкүл Оспанәлиева, Қайрат Молдасейітов, Еркін Сатқанбаев, Наталья Романова және Қайрат Нұртас бар.

Бұған дейін Шымкенттің 97 тұрғыны қаланың «Құрметті азаматы» атағын алған болатын.

Тегтер: шымкент, жаңалықтар, «Құрметтіазаматы», атақ, мәслихат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.