Ақиық ақын М. Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан республикалық байқау жарияланды
Ақиық ақын М. Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан республикалық байқау жарияланды

«Басты мақсатымыз – қазақтың өзінің төл, өзінің сөз құдіреті болатын болса, сол сөз құдіретін жаңа кезеңге шығару, жаңа биікке көтеру. «Мен 21 ғасырдың құрдасымын. Бәлкім, одан кейінгі ұрпақтың да туысы болуым мүмкін», деп Мұқағали Мақатаев өзі айтқан. Сондықтан айдан анық, Мұқағали Мақатаевтың оқырманы өте көп. Құдай қаласа, бұл байқау бұдан кейінгі өлеңсүйер, өнерсүйер, поэзиясүйер қауымды жаңа деңгейге көтеріп, поэзияға деген көзқарасын өзгертеді деген сенімдеміз», – деді ақын Ринат Зайытов.Әлеуметтік желіде өнер адамдары да ақын өлеңін оқып, көпшілікті байқауға қатысуға шақырды. Поэзия бәріне ортақ, ал Мұқағали поэзиясы көптің көңіл көгінде екені даусыз дейді.
«Ол кісінің шығармашылығымен қазақтың әрбір жасы, кәрісі, үлкені мен баласы таныс. Себебі ол кісінің шығармашылығымен сонау мектеп қабырғасында «Үш бақытым» өлеңі арқылы таныспыз. Бозбала шағымызда оның махаббат лирикасымен қыздарға хат жаза бастаймыз. Байқау ұйымдастырушыларына көп рақмет! Байқауға қатысушыларға үлкен сәттілік!» – деді байқауға қатысушы Бақыт Омар.Республикалық байқау 1-7 ақпан аралығында өтеді. Айта кетейік, жеңімпазға тағайындалған жүлде қоры 1 миллион теңге.