Жаңалықтар

Несиеге үй алуға ниетті Түркістандықтар көбейді

 width=Түркістанда несиеге берілетін үйлер жайлы «Тұрғын үй сату бойынша қызмет» ақпараттық орталығының ашылғанына 10 күн болды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы уақыт ішінде 300-ге жуық, яғни 280 азамат орталыққа келіп, ақпарат алды. Оның ішінде «7-20-25», 5-10-20 (Шаңырақ), 2-10-20 (Бақытт отбасы) және 5-20-19 (Нұрлы жер) бағдарламалары бойынша «Отбасы банкі», «Сбер банк», «Қазақстан халық банкі» бойынша алу жолдары түсіндірілуде. width=Одан өзге, 72025turkistan.kz сайты мен «Amazing Turkistan» қосымшасындағы «7-20-25» бөлімі арқылы бүкіл несиеге берілетін үйлер жайлы ақпарат алуға болады.Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылған болатын. Орталық неке сарайының ғимаратында орналасқан. Орталық таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы) жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі