Ләйлә Сұлтанқызы: екпе жасау деген кеше шыққан нәрсе емес
Ләйлә Сұлтанқызы: екпе жасау деген кеше шыққан нәрсе емес

"Вакцина салдырмаса не болады? Тағы да ескертем, жазба тапсырыспен жазылмаған. Кеше «Мен вакцина салдырам» деп пост жазып едім, мен де салдырам дегендер бірен-саран. Басым көпшілігі қарсылық білдіріп отыр. Кейбір пікірлер адамның жағасын ұстатады. 21-ғасырда өмір сүрсек те, әлі вакцинаға сенім жоқ. Былай қарасаң, екпе жасау деген кеше шыққан нәрсе емес.Вакцина тарихына үңіліп көрейікші: 1746жылы вакцинаны ойлап тапқан Эдвард Дженнер бағбанының 8 жасар ұлына екпе жасаған. Нәтижесі керемет! Жиырма рет жұқтырғысы келсе де, ол бала ауру жұқтырмаған екен. Екінші буынды вакцинаны 1880жылы енгізген француз ғалымы Луи Пастер. Ол құтырған ит қапқан 9 жасар ұл баланы өлімнен құтқарған. Басқа дәрігерлер емдей алмаған балаға құтыруға қарсы екпе еккен соң жазылып кеткен. 19 ғасырда емі жоқ дерттің алдын 1 ғана екпемен алған. Жаппай вакцинациялау арқылы табиғи шешек ауруы жер бетінен біржола жойылды.
Адамзаттың ғылыми жеңісіне қарамастан вакцина салдыруға қарсылық бұрын да болған. Бірақ оның нәтижесі жақсылыққа алып келмеді. Мысалы: Стокгольмде (1873-1874жж) діни себептерге байланысты қарсылық вакцинациялауды толық жасатпады. Ақыр соңында табиғи шешек эпидемиясы басталып кеткен.ТМД елдерінде (1990-1999жж) дифтерия ауруы өршіп кетті. Оған себеп вакцина салуға қарсы қозғалыс.
Екпе салдыру-салдырмау өз еркіңіз. Бірақ бұл дерттен құтылудан бас тарту деп ойламайсыздар ма" , - деп жазды Сұлтанқызы.