ҰБТ-дан 140 балл жинаған алғашқы түлекке iPhone берілді ме?

21 Маусым, 2018 945 0

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ҰБТ "мерейтойы" құрметіне ең көп балл жинаған алғашқы түлекке iPhone тарту етпек.

БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған алғашқы түлекке iPhone сыйлайтынын айтты.

"Биыл ҰБТ он бесінші рет өтетініне байланысты Қазақстан азаматы ретінде өз атымнан 140 балл жинаған алғашқы оқушыға iPhone сыйлаймын", — деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Айта кетсек,  биыл ҰБТ форматына өзгеріс енгізілген жоқ, тек оқушыларға сынақты ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Бүгінгі таңда 200-ге жуық түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген. Дегенмен бұл көрсеткіш әлі де өзгереді. Өтініш қабылдау мерзімі 10 мамырда аяқталады. 

2 мамырдағы мәлімет бойынша 96 963  түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Бір қуантарлығы түлектердің 73 мыңы, яғни 80 проценті қазақ тілінде тапсырмақ. Ал барлығы республика бойынша 146 мың оқушы мектеп бітіреді. 

Ұлттық бірыңғау тестілеу жылдағыдай 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, 15 жыл ішінде 1 миллион 600 мың адам ҰБТ тапсырыпты.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ-ның бірінші күні максималды баллды жинаған түлек анықталмады. Ең көп жиналған балл - 137 балл.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/


Тегтер: ҰБТ, ЕНТ, 140балл, түлек, 2018, тест, білім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.