Жаңалықтар

Елімізде қоғамдық орындарға QR-кодпен кіргізу пилотты жобасы басталды

 width=

Қызметі шектелген кинотетрлар, тағамдану орындары, SPA-жайларға кіруге арналған пилотты жоба қолға алынды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24» -ке сілтеме жасап. Енді осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет.  width= Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл түсін көрсетеді. Қызылы қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді. Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни үйінен 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. Көк – ПТР-тест сұралмайтын жерлерге шектеу жоқ деген белгі. Жасыл – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін ұқтырады. ПТР-тест тапсырған болсаңыз, арнайы базада мәліметіңіз тұрады. Сол жерде тест нәтижесі түстің бірін көрсетеді. «Ашық» қосымшасын телефонға жүктеп алуға болады. Дегенмен, қазір бағдарлама жұмыс істеп тұрған жоқ.

Әсет Тұрысов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі: Қазір бұл ерікті жоба. Қалаған адам тест нәтижесін көрсетеді, бағдарламаны жүктейді. Адамдарға ешкім міндеттей алмайды. Әзірге пилотты жоба ретінде қолға алдық. Кейін нәтижесіне қарай шешім қабылданады.