COVID-19 жағдайында тәуекел топтарына кірмейтін дәрігерлер бонустар ала ма?
COVID-19 жағдайында тәуекел топтарына кірмейтін дәрігерлер бонустар ала ма?
Бүгін, 28 сәуірде Арманжан Байтасовтың Инстаграмдағы парақшасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасының қатысуымен тікелей эфир өтті. Спикер оқырмандардың карантин кезіндегі емделуіне, төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істейтін дәрігерлерге берілетін жәрдемақыға және басқа да маңызды тақырыптағы сұрақтарға жауап берді.
Медицина қызметкерлеріне төленетін жәрдемақы мәселесі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін аймақтық комиссияларда шешіледі. Комиссия COVID-19 коронавирусын жұқтыру қаупі бар тұлғалардың қосымша тізімін ұсынуға құқылы, оған кредиторлық берешек болмаған кезде медициналық ұйымның қаражаты есебінен сыйақы төленеді, қызметкерге ай сайынғы төлемдерді төлеу үшін Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынысы бойынша COVID-19 коронавирусымен күресу шеңберіндегі эпидемияға қарсы шаралар аясында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне есептелген сыйақылардың мөлшері туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына немесе бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ақпарат береді.