Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бүгінгі қазақ арабизмге батып кетпесе екен

Бүгінгі қазақ арабизмге батып кетпесе екен

Бүгінгі қазақ арабизмге батып кетпесе екен
ашық дереккөзі
Діннің әсері мықты ғой. Қазақ бір-бірімен "Привет", "Здравствуйте" деп амандасса, орысша амандасты деп ренжитіндер жоқ емес. Ал арабша "Ассалаумағалейкум" деп амандасса, оған өзіміз арабша "Уағалейкум ассалам" деп жауап беріп, ол аздай "қазақша амандасты" деп айтамыз. Парадокс па? Менің ойымша тереңге кеткен парадокс.
Енді "ифтар", "сухур", "салят" сияқты сөздердің жап-жақсы қазақша баламасы бар екенін жырлап жатудың керегі жоқ шығар. Жалпы сол бірде бір ұлттың ДІН мен ҰЛТТЫ қатар алып жүре алмайтынын тарих дәлелдеген (дін шыққан елдің өзінен басқа). Дін міндетті түрде өзінің шыққан жерінің әсерін, мәдениетін, ықпалын әкелмей қоймайды. Сондықтан болар, қазақтың 30-40 пайыз сөздері парсы-арабтың сөздері.
Қазақ тілінде көптеген жақсы амандасулар бар. "Аман-есенсіз бе?", "Есен-амансыз ба?", "Мал-жан аман ба?", тіпті бүгінгі ХХІ ғасырдың жастары қолданатын "Қалайсың?" деген сөзі де таза қазақтың сөзі. Сол "машаллаһ", "иншаллаһ", "субханаллаһ" деген сөздердің "құдайға тәубә", "құдай бұйырса", "құдай сақтасын" деген әр-алуан версиялары бар. Мұқағали Мақатаевтың "Армысыңдар Адамдар!" деген өлеңін қалайша еске алмайсың Осыған орай, бүгінгі қазақ сол "араби дизайнға" аз-маз "қазақша дизайнды" қосса екен, мүлде сіңіп кеткен арабизмнен ажырамаса да, сол арабизмге батып кетпесе екен деген тілегім бар. Самат Нұртазаның әлеуметтік желідегі жазбасы Дереккөз: Abai.kz